Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурызда Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуе қатынасы ашылады

Наурызда Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуе қатынасы ашылады

Биыл 2024 жылдың наурыз айында Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда шетелдік туристер ағынының деңгейіне әсер ететін факторлардың бірі − қолданыстағы әуе қатынасының саны.

«Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова атап өткендей, бүгінде мегаполис әлемнің 82 елімен 42 тікелей бағыт пен визасыз режиммен байланысты. Наурыз айында Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуе қатынасын ашу жоспарда бар», делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Алматы қаласы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысы еліміздегі туризм саласының дамуына үлкен үлес қосады. Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14 млн жолаушыға тең. Осылайша, 2024 жылы шетелдік туристер санын 520 мың адамға жеткізу жоспарда бар.

Фото: inbusiness.kz

01 наурыз 2024 ж. 255 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31