Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізге Қытай мен Үндістаннан келетін туристер көбейген

Елімізге Қытай мен Үндістаннан келетін туристер көбейген

Қазақстанға Қытай мен Үндістаннан келетін туристер саны артқан. Оның себебін Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев түсіндірді, деп хабарлады Қазақпарат.


Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

«Елдің халықаралық ашықтығы шетелдік туристердің өсуіне оң әсер етеді. Қазақстан 82 елмен визасыз режимде қарым-қатынаста. Соның ішінде Қытай, Үндістан сияқты туристік нарығы ірі елдер бар. Біз бұл елдерден келушілердің айтарлықтай өскенін көріп отырмыз», – деді Ермек Маржықпаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Министр келтірген мәліметке сәйкес, 2022 жылғы шілдеде Қытай азаматтары үшін 14 күндік визасыз режимді енгізудің және 2023 жылғы қарашадан бастап екіжақты визасыз режимнің арқасында аталған елден келушілер саны 18 мыңнан 217 мыңға, яғни 12 есе ұлғайған.
Үндістан бойынша 14 күндік визасыз режим енгізілгеннен кейін ол елден келетін туристер үш есе өскен. Атап айтқанда, 2022 жылы 28 мың адам, 2023 жылы 78 мың турист келген.
16 ақпан 2024 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031