Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтау мен Дубай арасында жаңа әуе рейсі ашылады

Ақтау мен Дубай арасында жаңа әуе рейсі ашылады

Қазан айында Ақтаудан Дубайға тікелей әуе рейсі ашылады. Абу-Дабиге арнайы сапармен барған Маңғыстау облысының басшылары мен «FlyDubai» әуе компаниясы арасында жаңа әуе қатынасын іске қосу туралы меморандумға қол қойылды. Құжатта екі аймақ арасында байланыс орнатып, оны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау көрсетілген. Тараптардың айтуынша, жаңа желі Біріккен Араб Әмірліктеріне Қазақстаннан және шекаралас Ресей, Түрікменстан мен Өзбекстан елдерінен баратын туристер санының өсуіне жол ашады. Бұл өз кезегінде Ақтау халықаралық әуежайы арқылы ұшатын транзиттік жолаушылар санының артуына мүмкіндік береді. Ерғазы Жолдасов, Ақтау халықаралық әуежайының директоры: – Біздің Ақтаудан Дубайға тікелей жол қатынасы болғаннан кейін біздің көршілес қалаларымыз Атыраудан, Оралдан және Ақтөбеден, Қызылордадан да жолаушылар осы мүмкіндікті пайдаланады деп ойлаймыз. Ол – біздің өңір үшін үлкен жетістік Бұл компания арқылы әрі қарай басқа мемлекеттерге де шығуға мүмкіндік туады. Хамад Обайдалла, БАӘ әуе компаниясының коммерциялық директоры: – Қазір Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында барлық салада байланыс нығайып келеді. Әсіресе Маңғыстау өңірімен экономика және бизнес саласында қатынас қарқын алуда. Сондықтан да біз екі өңір арасында жаңа әуе рейсін ашуға мүдделіміз. Бұйырса алыс-беріс пен барыс-келіс артады деп сенеміз.
24.kz
15 наурыз 2018 ж. 1 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930