Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЫЛЫ ЛЕБІЗДЕР ДӘЛІЗІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЫЛЫ ЛЕБІЗДЕР ДӘЛІЗІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін «Алғыс айту» күні - қайырымдылықтың, достықтың және барша қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі.
Бүгін Шиелі ауданы бойынша білім бөліміне қарасты №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектеп базасында «Алғыс айту» күніне орай «Жақсы тілек, жылы жүрек» атты жылы лебіздер дәлізі өткізілді.
Шараға білім бөлімінің бас маманы Талғат Уәлиханұлы және білім бөлімінің әдіскері Салтанат Тілеубергенқызы қатысып, Алғыс айту күнімен құттықтады.
Жылы лебіздер дәлізінде “Ерке сылқым” күйі оркестрі, «Әке қамқорлығы таудан да биік» Әке мен бала арасындағы ұрпақтастық, ана мен қызының қолөнер бұйымдарының көрмелері және ардагер ұстаздарға шәкірттері алғыс айттып, “Жас ұландықтар” арнайы құттықтауларын жеткізді.
Сонымен қатар, шара барысында ұлтымыздың салт-санасында берік қалыптасқан достық, қайырымдылық және ынтымақ сынды мызғымас құндылықтар кеңінен дәріптелген.
Шара соңында 11 сынып оқушылар Алғыс айту күнімен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.
01 наурыз 2024 ж. 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031