Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар Түркия Президентінің көреген саясаты мен қажырлы еңбегінің арқасында бауырлас елдің одан әрі қарқынды дамып, халықаралық қоғамдастықтағы беделі арта түсетініне сенім білдірді.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы серіктестікті кеңейтуге баса мән бере отырып, Қазақстан мен Түркия арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты өркендету мәселесі жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар тараптар Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығы кезіндегі күн тәртібінің жүзеге асырылу барысын талқылады.

АҚОРДА

26 ақпан 2024 ж. 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930