Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Екі ел басшылары бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркияның бауырлас халықтарына игілік пен бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар былтыр Мемлекет басшысының Анкараға және Түркия Президентінің Астанаға жасаған мемлекеттік сапарлары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыруға баса мән берілді.

Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
29 маусым 2023 ж. 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031