Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус қайта өршіді: Батыста 26 адам індет жұқтырды

Коронавирус қайта өршіді: Батыста 26 адам індет жұқтырды

Батыс Қазақстан облысының 26 тұрғынынан коронавирус анықталды. Оның 21 жағдайы қаңтар айында, 5-еуі ақпанда тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.



Фото: Pixabay

«Qazaqstan» ұлттық арнасы ұсынған деректерге қарағанда, инфекция жұқтырған науқастардың 8-і аяғы ауыр әйел, 9-ы бала. 
Одан бөлек, өңірде қызылша бойынша да эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Мамандардың айтуынша, бұл дертке 255 адам шалдыққан. Олардың 90 пайызға жуығы қызылшаға қарсы екпе алмаған.

«Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы №2 қаулы күшіне енді. Соған сәйкес медициналық ұйымдарда персоналдың және науқастардың медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын, халықтың көп жиналатын жерлерінде, көліктің барлық түрлерінде медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалануға кеңес беріледі», деді Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев.

14 ақпан 2024 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031