14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

Енді мейрамның шығу тарихына қысқаша шолу жасап көрелік. Кітап сыйлау мерекесі 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық деңгейде тойланып келеді. Эмми Бродмур – әлеуметтік желіні белсенді қолданушысы. Бір күні ұлы анасына дәл осы күні «Неге адамдар бір біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?» деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми осы күнді кітап сыйлау күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің танымалдылығын арттыра бастайды. Нәтижесінде әлемнің түпкір-түпкірінде кітап сыйлайтын жандардың қатары көбейген. Бүгінде мереке халықаралық деңгейге дейін жетті. Ал сіз ше? Кітап сыйлап көрдіңіз бе?