Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қалтамда 30 теңге ғана бар еді": Әнші басынан өткен қиындықтарды баяндады

"Қалтамда 30 теңге ғана бар еді": Әнші басынан өткен қиындықтарды баяндады

Көпшіліктің сүйікті әншілерінің бірі Ғаділбек Жанай "Қазақстан" ұлттық арнасына сұхбат беріп, жастық шағын есіне алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер иесінің айтуынша, оның қалтасында соңғы 30 теңгесі ғана қалып, не істерін білмей жүрген кездері де болған.
- Алматы қаласында Абай көшесінің бойымен келе жатқан едім. Қалтамда 30 теңгем болды, сол 30 теңгем түсіп қалмасын деп сыртынан ұстап қоямын. Қарын деген ашып кеткен. Екі бәтеңкемнің табаны жыртық, ал ішіндегі шұлық аяқ киім жыртық болған соң, міндетті түрде жыртық болады ғой. Сөйтіп жерді табиғи теріммен басып келе жатырмын, - деді әнші. 
Алматыға келмес бұрын оған Шаттық деген құрдасы қалада тұратын құда баласының нөмірін берген.
- Хабарлассаң болды, саған көмектеседі деген еді. Мен ол жігітті Ақтауға бір-екі рет келген кезінде көрген едім, аздап танимын. Күн батып, кеш болып қалған, Сарыарқа базарынан самса алып, енді не істеймін деп жеп келе жатырмын. Бір кезде алдымнан жаңағы жігітке ұқсайтын бір бала ұшыраса кетті. Қарап тұрсам, сол жігіт. Ол орысша сөйлейтін, ол Гадильбек деп, мен Алмат деп, екеуміз мәре-сәре болдық. Корей сериалдарындағыдай десе де болады. Содан мені үйіне апарып, орналастырып, көп көмегі тиді, - деді Ғаділбек Жанай. 
Ол осындай сәттер басынан көп өткенін жеткізді. Баратын жер таппай, саябақтарға да қонған.
- Кафелерден бір кесе шай алып, сол жерде таңды атыратын едік. Мен мұны жастарға кеңес ретінде айтып отырмын, жастардың есінде болсын, бұл бір құдайдың өсірем деп беретін сынағы-сабағы. Қазір осындай сәтті бастан кешіп жүрсеңіздер, болашақта, жақында биікті бағындырамын деп ойлаңыздар, күтіңіздер, - деді ол.
egemen.kz
​​​
14 ақпан 2024 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930