Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

12-13 ақпан күндері Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері екі күндік арнайы жиын өткізді.
Мақсат – Шиелі ауданы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы ұйымдастырушыларына, колледж ұстаздарына, денешынықтыру пәнінің мұғалімдері мен аудандық оқушылар үйінің қызметкерлеріне, барлығы 80 адамға Азаматтық қорғанысқа және төтенше жағдайлар біліміне даярлау мен оқытуға байланысты. Курс барысында теория мен тәжірибені ұштастырып, мамандар дәрісті өте жоғары деңгейде оқыды.
Курс соңында ұстаздардан арнайы тест сынамасы алынды.
Азаматтық қорғаныс қызметкерлердің төтенше жағдайдағы біліктері мен дағдыларының тиімді пайдалануына аса маңыз беріп, адам және материалдық шығынның болмауына ықпал етпек.

14 ақпан 2024 ж. 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (9414)

23 маусым 2026 ж.

№46 (9413).

20 маусым 2026 ж.

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930