Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаларын өлтірген ана тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны ма – ІІМ жауабы

Балаларын өлтірген ана тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны ма – ІІМ жауабы

Екі баласын тұншықтырып өлтірген әйелдің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болу ықтималдығы тексеріледі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева айтты, деп хабарлады Қазақпарат.

«Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, министрлік тарапынан қатаң бақылауға алынды. Заңға сәйкес, қылмыстық іс бойынша мәліметтер әзірше құпия, айтуға болмайды. Ал бұл отбасында бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың орын алғаны не алмағаны қылмыстық істі тергеу аясында тексеріліп жатыр. Анықталатын болады. Бір айта кетерлік жайт, ол отбасынан Қызылорда облысында да, Түркістан облысында да тұрғанда ішкі істер органдарына ешқашан шағым түспеген. Бірақ, әйелдер отбасында зорлық-зомбылыққа көніп, арыз бермей жүруі де мүмкін. Сондықтан оның бәрі қылмыстық істі тергеу барысында тексеріліп, қорытындысы шығарылады», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел барысында.

Оның атап өтуінше, қылмыстық істерді тергеу барысында мұндай жайттардың бәрі соңына дейін тыңғылықты қаралады.

«Мұндай қылмыстық істердің қорытындысында көбіне отбасылық қиыншылықтардың себеп болғаны анықталады. Сонымен қатар қылмысты жасаған адам мінезінің психикалық ауытқулары да себеп болады», – деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, 7 ақпан күні Түркістан қаласында жалдамалы пәтерлердің бірінен екі жас баланың мәйіті табылды.
Кейін аталған қылмысты жасау күдігімен балалардың 31 жастағы анасы ұсталды.
13 ақпан 2024 ж. 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031