АУҒАН АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР
Биыл кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл. Қолда бар дерек бойынша 1979 жылдың 25 желтоқсанында КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға кеңес әскерлерін кіргізуге шешім шығарылды. Осы ойранды он жыл бойына Кеңес Одағынан Ауған соғысына 500 мыңнан астам азамат қатысып, оның 15 мыңы опат болды. Ал Қазақстаннан бұл майданға 22 мыңнан астам жауынгер тартылған. Оның 889-ы қазаға ұшыраса, 30-ға жуығы хабар-ошарсыз кетіп, 3 мыңнан астам қазақстандық Ауған соғысынан мүгедек болып оралды. Ал ауданнан 70-ке жуық адам қатысып, оның бүгінде 35-нің көзі тірі. Атаулы датаға орай қазір ауданда ісшаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жүйелі атқарылып жатыр. Шиелідегі «Ауғанстан соғыс ардагерлері мен патриот жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серікбай Берімбетовпен болған әңгіме де осы мақсатта өрбіді.
– Серікбай Жапбарбергенұлы, мерейлі дата құтты болсын! Алдымен, әңгімеміздің ауанын осы бір отты жылдан бастап, тарихқа шегініс жасасақ.
– Ауған соғысы өзінің мән-мағынасы жағынан жер бетіндегі ең қиын да қайғылы, тартысы мол шайқастардың санатында. 1972 жылы 12 желтоқсанда кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға Кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасына өтіп, 1989 жылдың 15 ақпанына дейін 10 жылға жуық соғыс қимылдарын жүргізді. Шайқас барысында жеңіс пен жеңіліс, ерлік пен орны толмас шығындар да болды. Ұлан-байтақ еліміздің бейбіт күнінде 1820 жастағы бозбалалар қолына қару ұстап, көп бейнетті бастан өткеріп жатқан ауған халқына көмек көрсету үшін жауынгерлік парыздарын орындау мақсатында сол елге аттанды. Олардың барлығы да өз міндеттерін абыроймен атқарды. Бір өкініштісі, солардың бірқатары елге мүгедек болып оралды. Сол соғыс әлі де буыны қатпаған жас жігіттердің тағдырына таңба салды. Алайда олар ауған елінде болғаны үшін, сондай жағдайға тап келгені үшін кінәлі емес. Ауғанстандағы шектеулі әскери контингентін ол елден қайтарған тарихи күннің ертеңіне-ақ сол кездегі командашы генерал Громовтың өзі осылай мәлімдеген. Сол соғысқа 52 шиелілік жігіт қатысты. Оның кейбірі қаза тапты, енді бірі із-түссіз жоғалып та кетті. Бүгінде туған елі мен жері үшін жан берген жауынгерлердің отыз бесінің көзі тірі. Өз өмірін майдан даласында қиғандардың бәрі де
– Отан алдындағы борышын адал атқарғандар. Олардың жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Бұл орайда даңқты батырымыз Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген жалынды сөзі бүгінде нақ біздің интернационалист жауынгерлерімізге арналғандай. Олар ерліктің ерен үлгісін көрсетті, қарсы келген жаудан қаймықпады.
– Бүгінде өзіңіз басшылық етіп отырған бірлестіктің жұмыс-жоспары, мақсаты қандай?
– «Ауғанстан соғыс ардагерлері мен патриот жастар» қоғамдық бірлестігінің ең негізгі атқаратын жұмысы – соғыста қаза тапқан қарулас жауынгерлердің отбасына, мүгедектерге жәрдем беру. Бұл қоғамдық бірлестік 2009 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Біз майданда опат болған жолдастарымызды ешқашан ұмытпаймыз, олардың отбасына шама-шарқымызша көмектесіп келеміз. Біздің басты міндетіміз – өсіп келе жатқан ұрпаққа патриотизмді насихаттау. Бұл орайда қоғамдық бірлестік жастарға патриоттық тәрбие беру ісінде ауқымды жұмыстар атқарып жүр. Нақтырақ айтсам, біз жастармен, оқушылармен кездесіп, оларды отансүйгіштікке және еліміздің патриоты болуға баулып, оқу орындарында тәрбиелік мәні зор баяндамалар жасаймыз. Жас буынның тәуелсіз еліміздің бүгінгі жетістіктерін абыроймен және лайықты түрде ілгерілете беретініне сенеміз. Қоғамдық бірлестік тарапынан қайырымдылық шаралар да ұдайы ұйымдастырылып жүр. «Ауған соғысы ел есінде», «Ауған ақиқаты», «Ерлік шыңы» атты тақырыпта түрлі кездесулер өткіздік. Сонымен қайырымдылық іс-шаралары кезінде ауған соғысына қатысқан мүгедектерге, майданда опат болған жауынгерлердің отбасына материалдық және рухани қолдау көрсетуге тырыстық. Әрине, терроризм, діни лаңкестік және қоғамдағы өзге де мәселелерді арқау ететін форумдар ауған соғысы жауынгерлерінің ұйымдастыруымен, қатысуымен өткізіліп жатады.
– Интернационалист жауынгерлер үшін лайықты қолдау көрсетіле ме?
– Бүгінде мемлекет тарапынан интернационалист жауынгерлерге және олардың отбасына жанжақты қолдау, қамқорлық көрсетіледі. Елімізде 2020 жылы 6 мамырда қабылданған «Ардагерлер туралы» Заңға сәйкес Ауғанстандағы, сондайақ басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер соғыс қимылдарының ардагерлері санатына өтеді, сонымен қатар барлық қолданыстағы жеңілдіктер мен жәрдемақылар сақталады. Енді бір мәселе – Ауғанстан соғысына қатысқандар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымынан босатылған жоқ. Десек те, мемлекет тарапынан ауған жауынгерлеріне көптеген жеңілдік қарастырылған. Ауған соғысының мүгедектері – жергілікті биліктің ұдайы назарында. Сондықтан осындай қамқорлықтары үшін облыс, аудан басшылығына айтар алғысымыз шексіз. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан осындай қамқорлықтар бізді алда да жарқын істерге жігерлендіреді. Біз еліміз үшін, халық игілігіне өзіміздің күш-жігерімізді ешқашан аямаймыз.
– Биыл кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл. Бұл атаулы дата аймақтағы Ауған соғысы жауынгерлері үшін несімен есте қалмақ?
– Бұл мерейлі мезетке орай, ауданда арнайы іс-шаралар жоспары жасалды. Мәселен, 15 ақпан күні «Тағзым алаңын да» гүл шоқтарын қою, еске алып, Құран бағыштау жоспарланды. Сосын «Арман» мәдениет үйінде арнайы іс-шара өтеді. Ол жерде 35 жылдыққа арнап жасалған арнайы төсбелгі табысталатын болады. Ауған арпалысында қаза тапқан жандарға арнайы ас өткізу ойда тұр.
– Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан
Сұлушаш МАДИЯРОВА