Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада Орталық Азиядағы ең ірі робототехника чемпионаты өтеді

Астанада Орталық Азиядағы ең ірі робототехника чемпионаты өтеді

Мектеп оқушылары үш негізгі жас санаты бойынша бақ сынайды. 

Биыл ақпанның 23-25-інде Астанада Central Asia FIRST Championship ресми чемпионаты өтеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оған әлемнің 10 елінен 3 мыңнан астам оқушы қатысады. Қатысушылар арасында көптеген мемлекеттерден командалар, оның ішінде Гонконг, БАӘ, Түркиядан келетін оқушылар бар. Қазақстанды іріктеу чемпионаттары барысында квота алған 200 команда таныстырады.
Мұндай көлемдегі робототехника бойынша чемпионат Қазақстанда алғаш рет өтеді. Былтыр чемпионатқа 1 200-ге жуық оқушы қатысты. Биыл қатысушылар саны 2,5 есе көп. Біз балаларымыздың бәсекелестікті сезінуі үшін халықаралық мықты командаларды шақырдық, – деп бөлісті USTEM Foundation қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.
Мектеп оқушылары үш негізгі жас санаты (FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас) бойынша бақ сынайды. Чемпионатта Роботтар ойынынан басқа, инновациялық жобалар байқауы мен төрешілер сессиялары қамтылады. Central Asia FIRST Championship жеңімпаздарының халықаралық жарыстарға қатысуға лицензиялар, бағалы сыйлықтар және қазақстандық әрі шетелдік жоғары оқу орындарына гранттар алуға мүмкіндіктері болады.
halyq-uni.kz​​​
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
12 ақпан 2024 ж. 83 0