ӘУЕЗДІ ЖЫР КЕШІ

Аталған іс-шараға №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары үлкен үлес қосты. Сондай-ақ 5 «Ә» сыныбының орындауында хор айтылып, оқушылар Сырым Халық пен Мансұр Нұралы ақынға арнап өз туындыларын шашу етті. Тағылымы мол кеште ақынның сөзіне жазылған «Сырдария» әнін 7 сынып оқушысы Мұхамеджан Серікбай және жетекшісі Рысжан Ахметова өз нақышына келтіріп орындаса, ал өлеңдерін Ақерке Пернебайқызы, Таңсу Бақтияр, Ақерке Қалдыбаева мәнерлеп оқыды. Жиынның тағы бір ерекшелігі, қойылымында болды. 5 сынып оқушылары «Толағай» қойылымын қойып, көпшілікті тамсандырды. Айта кетейік, бұл шарада «Сoworking» орталығының жетекшісі Ботакөз Орынбасардың еңбегі орасан зор. Тамаша басқосудың соңында ұстаздар мен оқушылар алғысхат пен марапатталып, естелік суретке түсті.
Aйнұр МАХСҰТҚЫЗЫ