Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы халық саны туралы жаңа деректер жарияланды

Қазақстандағы халық саны туралы жаңа деректер жарияланды

12 ай ішіндегі халықтың жалпы өсімі 266 739 адамды құрады.


2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 033 546 адамды құрады, деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Олардың ішінде:
қала халқы – 12 451 004 адам
ауыл халқы – 7 582 542 адам
12 ай ішіндегі халықтың жалпы өсімі 266 739 адамды құрады.
2023 жылы Қазақстанда 387,9 мың бала дүниеге келді (2022 ж. - 403,5 мың сәби), оның 200,3 мыңы - ұл, 187,6 мыңы - қыз. Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 19,50 құрады, - делінген хабарламада.
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елге келгендер саны 25,3 мың адамды, елден кеткендер саны 16 мың адамды құрады.
Көші-қон сальдосы оң + 9344 адам. Айта кетейік, былтыр 2011 жылдан бері алғаш рет оң көші-қон сальдосы байқалды.
turkystan.kz
Фото: egemen.kz
09 ақпан 2024 ж. 480 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930