Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысындағы халық саны 2018 жылғы 1 қыркүйегіне 790,5 мың адамды құрады

Қызылорда облысындағы халық саны 2018 жылғы 1 қыркүйегіне 790,5 мың адамды құрады



Қызылорда облысындағы халық саны 2018 жылғы 1 қыркүйегіне 790,5 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 350,3 мың (44,3%), ауылдықтар – 440,2 мың адамды (55,7%) құрады. 2017 жылғы 1 қыркүйегімен салыстырғанда халық саны 11,0 мың адамға немесе 1,4%  өсті. Бұл туралы Қызылорда облысының статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-тамызында туылғандар саны 12578 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-тамызына қарағанда 0,1% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,96 туылғандарды құрады.
2018 жылғы қаңтар-тамызындағы облыс халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-тамызымен салыстырғанда 86  адамға немесе 0,8% артты, 9652 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,39 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 2926 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-тамызына қарағанда 2,3% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,57 қайтыс болғандарды құрады. 2018 жылғы қаңтар-тамызында облыста 1 жасқа дейінгі 114 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-тамызымен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 3,6% көбейді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,06% құрады.  
Алдын-ала алынған деректер бойынша 2018 жылғы қаңтар-тамызындағы көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан  24292 адам кетіп, облысқа 21992 адам келді. 2017 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 3,1% көбейген, ал облыстан кеткендер саны 0,9%  азайған.
Алыс және жақын шет елдерден   18 адам  (2017 жылғы қаңтар-тамызында - 15 адам), республиканың басқа облыстарынан 5885 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде  6219 адам келген болатын.  
Облыстан 8169 адам немесе жалпы көлемнің 33,6% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2017 жылғы қаңтар-тамызында тиісінше 9397 адам немесе 38,3% кеткен болатын).
Алыс және жақын  шет елдерге  42 адам, ал 2017 жылдың қаңтар-тамызында  37 адам көшті.  Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2018 жылдың қаңтар-тамызында 2284 адамға, 2017 жылғы қаңтар-тамызында 3178 адамға кему қалыптасқан.
Облыстың 16080 тұрғыны Қызылорда  аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2017 жылғы қаңтар-тамызында 15085 адам).
14 қазан 2018 ж. 3 057 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031