Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛЫ

2018 жылғы қаңтар мен сәуір айы аралағындағы жағдайға тоқталсақ. Осы жылдың 1 мамырына еліміздегі халық саны 786,7 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 348,0 мың (44,2%), ауылдықтар – 438,7 мың адамды (55,8%) құрады. 2017 жылғы 1 мамырымен салыстырғанда халық саны 11,4 мың адамға немесе 1,5%  өсті.АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-сәуірінде туылғандар саны 6043 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-сәуіріне қарағанда 3,3% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,30 туылғандарды құрады.2018 жылғы қаңтар-сәуіріндегі облыс халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 261  адамға немесе 6,0% артты, 4616 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 17,80 адамды құрады.Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 1427 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-сәуіріне қарағанда 4,5% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,50 қайтыс болғандарды құрады. 2018 жылғы қаңтар-сәуірінде облыста 1 жасқа дейінгі 57 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 5,5% көбейді.   Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,43% құрады.  Алдын-ала алынған деректер бойынша 2018 жылғы қаңтар-сәуіріндегі көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан  12172 адам кетіп, облысқа 11146  адам келді. 2017 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда облысқа келгендер саны 2,3%, ал облыстан кеткендер саны 10,3%  азайған.Алыс және жақын шет елдерге   14 адам  (2017 жылғы қаңтар-сәуірінде - 7 адам), республиканың басқа облыстарынан 2720 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде  3071 адам келген болатын.  Облыстан 3743 адам немесе жалпы көлемнің 30,7% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2017 жылғы қаңтар-сәуірінде тиісінше 5231 адам немесе 38,5% кеткен болатын). Алыс және жақын  шет елдерге 17 адам, ал 2017 жылдың қаңтар-сәуірінде 14 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2018 жылдың қаңтар-сәуірінде 1026 адамға, 2017 жылғы қаңтар-сәуірінде 2167 адамға кему қалыптасқан.Облыстың 8412 тұрғыны Қызылорда  аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2017 жылғы қаңтар-сәуірінде 8335  адам). 

16 маусым 2018 ж. 1 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031