Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНЕ ЕСЕП БЕРДІ

АУДАН ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНЕ ЕСЕП БЕРДІ


Бүгін аудан әкімі Нұржан Сәбитұлының қатысуымен аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Жиынды аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қабілеш Бекішов жүргізіп, қоғамдық кеңестің негізгі күн тәртібіне қойылған "2023 жылы ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер" тақырыбында баяндама жасау үшін аудан әкімі Нұржан Ахатовқа сөз берді.

Баяндама барысында, аудан әкімі Нұржан Ахатов, ауылдық округтер мен кент ішінде электр желілерін ауыстыру, тұрғын-үй құрылыстары көлемінің артуы, Самара-Шымкент, Тәуелсіздік тас жолдарында биыл жүргізілетін жол жөндеу жұмыстары сынды жобаларды ерекше атап өтті.

Жиын барысында кеңес мүшелері де өздерінің ұсыныс-пікірлері мен талап тілектерін ортаға салды. Алдымен қоғамдық кеңес мүшесі Шиелі кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Күлімбет сөз алып, кенттегі орталықтандырылға кәріз жүйесінің құрылысы, көктем мезгілінде көгалдандыру жұмыстарына тамшылатып суғару әдісін қолдану секілді мәселелерге тоқталып, ұсыныстарын айтты.

Мұнан соң, бірқатар қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныстарын жеткізіп, алдағы атқарылар жұмыстардың табысты болуына тілектестігін білдірді.

Дереккөз: Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

31 қаңтар 2024 ж. 242 0