Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда жер сілкінісі кезінде үш адам көпқабатты үйдің терезесінен секірді

Алматыда жер сілкінісі кезінде үш адам көпқабатты үйдің терезесінен секірді

Алматыда жер сілкінісі нәтижесінде 8 адам зардап шекті, бір тұрғының жағдайы ауыр.Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, түнгі сағат 03:00-тегі жағдай бойынша 8 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. «Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген.

Медициналық тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емделуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр», – деп хабарлады басқармадан. Сондай-ақ, үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар да амбулаториялық емдеуге жіберіледі. Бұған дейін басқарма өкілдері емдеу мекемелеріне тұрғындардың жүгінбегенін жеткізген еді.
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform
​syrboyi.kz​​​
 
23 қаңтар 2024 ж. 461 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9446).

17 қазан 2026 ж.

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031