700 мыңнан астам адам кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысты

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 46,1 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 42 мыңы оқуды аяқтады.
Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 133,4 мың адам қамтылды, оның ішінде 99 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.
Қызмет саласын таңдау мақсатында 143,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл ішінде 9102 грант берілді.