Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та тираннозаврдың белгісіз түрінің қалдықтары табылды

АҚШ-та тираннозаврдың белгісіз түрінің қалдықтары табылды


Фото: egemen.kz

Палеонтологтар Нью-Мексико штатынан бұған дейін белгісіз болған тираннозавр түрінің сүйектерін тапты. Kazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеушілер Scientific Reports ғылыми журналында жарияланған мақалада бұл жаңалық ғалымдарды ежелгі жыртқыштардың шығу тарихын ашуға жақындататынын атап өткен.

– Тираннозаврлардың пайда болған орны мен уақыты әлі күнге дейін белгісіз: олар Азияда, қазіргі Солтүстік Американың батыс бөлігі Ларамидияда да пайда болуы мүмкін деген болжамдар бар. Біз бұған дейін Ларамидия аумағында корольдік тираннозаврлар пайда болғанға дейін 6-7 миллион жыл бұрын өмір сүрген Tyrannosaurus mcraeensis тираннозаврын таптық, – деп жазады зерттеушілер.

Бұл жаңалықты Бат (Ұлыбритания) университетінің доценті Николас Лонгричтің ғылыми тобы осы ғасырдың басында Нью-Мексиконың оңтүстігінен табылған ежелгі тираннозаврлардың жақ және омыртқа сүйектерінің фрагменттерін зерттеу кезінде ашты. Бастапқыда палеонтологтар оларды корольдік тираннозаврлар тобына (Tyrannosaurus rex) жатқызды. Алайда ғалымдардың басқа тобы бұған күмән келтірді.
12 қаңтар 2024 ж. 327 0