Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей мен Украина жарты жылдан бері алғаш рет тұтқын алмасты

Ресей мен Украина жарты жылдан бері алғаш рет тұтқын алмасты


фото: Facebook.com/zelenskyy.official

Ресей мен Украина соңғы 6 айда алғаш рет тұтқын алмасты. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Мәскеуден хабарлағандай, Украинадағы әскери іс-әрекетке қатысқан 248 ресейлік еліне оралған. Ал Киев 230 адам, оның ішінде 6 бейбіт тұрғынның елге оралғанын растады.

Жоғарғы Раданың Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинецтің нақтылауынша, бұл – тараптар арасындағы 49-шы және Әскери тұтқындарды үйлестіру штабының мәліметінше, қайтарылған қорғаушылар саны бойынша ең үлкен алмасу.
Сондай-ақ операцияның БАӘ делдалдығымен жүргізілгені хабарланды.

Киевтің ресми мәліметінше, былтыр жыл аяғында Ресей тұтқынында 4 337 адам болған, оның 763-і – бейбіт тұрғын.
Ал Мәскеу былтыр күзде Украина тұтқынында 500 ресейлік бар екенін мәлімдеген болатын.
05 қаңтар 2024 ж. 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031