Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев 2026 жылы тағы да президент сайлауына түсе ме

Тоқаев 2026 жылы тағы да президент сайлауына түсе ме


фото: © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетіне сұхбат беріп, 2026 жылы тағы да президент сайлауына түседі деген қауесетке жауап берді.

Тоқаевқа «Әлеуметтік желіде президент Конституцияға қатысты референдум өткізіп, 2026 жылы тағы да сай­лауға түсуді жоспарлап отыр деген қауесет тарап жатыр. Бұл рас па?» деген сұрақ қойылды.

Бұл – жалған ақпарат. Бұдан былай әркім ойына келгенін істеп, Ата заңға оңды-солды өзгеріс енгізе алмайды. Ал осындай маңызды мәселеге келгенде, тіпті мүмкін емес. Мен бұған нық сенімдімін. Конституциялық реформа Ата заңға қалай болса солай өзгеріс енгізе беру үшін жасалған жоқ. Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді. Бұл талап мемлекетіміздің тәуелсіздігі, біртұтастығы, аумақтық тұтастығы және басқару нысаны туралы нормалар сияқты мызғымастай етіп бекітілген.
Ақыры осы тақырып қозғалған екен, бұған қатысты кейбір жайтқа кеңірек тоқталып, мән-жайын аша кетейін. Мен жетіжылдық бір ғана мерзім туралы идеяны осыдан 15 жыл бұрын жабық пікірталастарда айтып жүрдім. Сол кезде ұсыныс аса қолдау таба қоймады. Өзім президент болып сайланғаннан кейін осы бастамамның артықшылығы мен кемшілігін әбден салмақтап, оны қалай іске асыруға болатыны жөнінде көп ойладым.

Суперпрезидентке тән өкілет­тік­терді жою үшін 2022 жылы Консти­туцияға бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Мен сол кезде жетіжылдық бір мерзім идеясын қайта ұсындым. Бастамама бүкіл халық қолдау білдірді. Осымен бұл әңгіме тәмам», - деді мемлекет басшысы.
03 қаңтар 2024 ж. 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031