Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлер QAZAQ TILI қорына 300 млн теңгеден астам жарна аударды

Кәсіпкерлер QAZAQ TILI қорына 300 млн теңгеден астам жарна аударды


Қоғамдық бірлестіктің құрылтайы, 2023 жылдың шілдесі

Белгілі меценат, кәсіпкер Дулат Тұрсынұлы Тастекей қазақ тілін қолдау үшін QAZAQ TILI Endowment қорына 100 миллион теңге аударды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасын қолдап, жаңадан құрылған QAZAQ TILI Endowment қорына ASSYLTAS қоғамдық қорынан 100 млн теңге аударатынымды хабарлаймын. Қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» деген. Демек, қай салада қызмет етсек те, қандай тілді үйренсек те біздің басты байлығымыз қазақ тілі болмақ. Қазақ тілі өлмейді, мәңгі жасайды!», - деп жазды Дулат Тастекей.

Одан бөлек, KUSTO GROUP тобы кәсіпкерлер арасынан бірінші болып QAZAQ TILI ENDOWMENT қорына 100 млн теңге қолдау жасады. 

«Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілінің, атап айтқанда «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты және ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын қолдаймыз. Біртұтас ұлтты біріктіруге және қалыптастыруға ықпал ететін басты фактор ретінде қазақ тілінің дамуына лайықты үлес қосу біз, ел азаматтары үшін үлкен мәртебе. Біз бизнес қауымдастықты осы асыл бастаманы қолдауға шақырамыз», - деді Kusto Group директорлар кеңесініңтөрағасы Еркін Тәтішев.

«Alageum Electric» компаниялар тобы қазақ тілін қолдау үшін QAZAQ TILI Endowment қорына 100 миллион теңге жарна аударды.

Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты және ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын қолдаймыз. Ана тілі - қазақ қоғамының құндылықтарының айнасы. «Alageum Electric» әрқашан қазақ тілін және ұлттық мәдениетімізді сақтауға ерекше назар бөледі.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту шараларына үлес қосу – бұл біздің міндетіміз. Барлық тіл жанашырларын осы бастамаға үлес қосуға шақырамыз, - деді «Alageum Electric» компаниялар тобының негізін қалаушы Сайдолла Қожабаев.

Танымал кәсіпкер, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Сырымбек Тау QAZAQ TILI Endowment қорына 5 миллион теңге жеке үлес қосты. Сырымбек Тау мырзаны көпшілік белді кәсіпкер, тіл, мәдениет пен руханиятқа жанашыр мецегат ретінде жақсы таниды. Ол YOKOHAMA, TRIANGLE сияқты ғаламдық компанияларының Қазақстандағы ресми өкілі.

Бұған дейін 7 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы болып аталған қорға жеке қаражатынан 7 млн теңге аударды.

Эндаумент қорының басты міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым – «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету.

Эндаумент қорының ерекшелігі – қорға жиналған қаржы жұмсалмайды. Қордағы қаражат басқаруға беріледі және инвестицияға құйылады. Инвестициялық қызметінен түскен табыс «Қазақ тілі» қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады.
QAZAQ TILI Endowment қорын беделді қоғам қайраткерлері, ғалым-лингвистер мен мемлекет өкілдерінен құралған тәуелсіз қамқоршылар кеңесі бақылайды.

АНЫҚТАМА:
«Alageum Electric» компаниялар тобы – еліміздегі электротехника саласындағы аса ірі компания. Ол құрамына электротехника, электр машина жасау және құрылыс салаларында сәтті жұмыс істеп жатқан 30-дан аса ірі кәсіпорын мен зауыттарды біріктіреді, олардың ішінде Кентау трансформатор зауыты, Asia Trafo, Орал трансформатор зауыты, Петропавл электротехникалық зауыты және т.б. Компания өнімдері отандық және халықаралық сапа стандарттарына сай келеді. Компания өнімдері ТМД мен Таяу Шығыс елдеріне экспортталады.
29 желтоқсан 2023 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930