Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Антикор спорт саласындағы жемқорлық мәселесін тексеруге кіріспек

Антикор спорт саласындағы жемқорлық мәселесін тексеруге кіріспек


фото: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізетінін мәлімдеді. Агенттіктің мәліметінше, Туризм және спорт министрлігі, оның ішінде ведомстволық ұйымдардың спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне талдау жасалатын болады.

Бұдан басқа, спорттық іс-шараларды, жиындарды, жабдықтарды, спорттық тамақтануды сатып алуды, шетелдік іссапарларды ұйымдастыруды, сыйақыларды, спорт нысандарын салуды, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстауды қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенетін болады, – делінген хабарламада.

Талдауды агенттіктің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері жүргізетін болады.

«Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдау жүргізуге қатысуға шақырады. Егер Сізде жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат немесе спортты қаржыландыру саласын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды karipova.a@antikor.gov.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз», - деп хабарлады ведомстводағылар.
21 желтоқсан 2023 ж. 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031