Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда екі жылда 22 мектеп ашылады

Алматыда екі жылда 22 мектеп ашылады


Фото: Halyq Uni

Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі 2025 жылдың соңына дейін шешіледі. Бұл туралы қала әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Жыл сайын мектепке (1-сыныпқа) 12-15 мың бала қабылданады. 1 қыркүйекте 30 мыңнан аса орын тапшылығы болды. Алдағы екі жылда 22 мектеп салынса, 37 100 орын ашылады. 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап орын тапшылығы шамамен 3-4 мыңды құрайды. Оны жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа жаңа ғимарат салып, жолын табамыз. 2025 жылдың соңына дейін осы мәселені шешіледі деп жоспарланған, - деді Ерболат Досаев.

Бұған дейін Алматының Алатау ауданында 11 мың 500 орындық 6 мектеп пайда болатыны хабарланды. Мектеп құрылысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында іске асырылады. Айта кетсек, Алатау ауданы әлеуметтік-демографиялық тұрғыдан ең қарқынды дамып келе жатқан аудандардың қатарына жатады. Мегаполистегі 302 мың оқушының 55 мыңнан астамы Алатау ауданына тиесілі. Биыл 1-сыныпқа 6 мың 200 бала қабылданды. Бұл – қала бойынша ең жоғары көрсеткіш. 
21 желтоқсан 2023 ж. 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31