Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке келісімін берді

UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке келісімін берді


Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94, instagram/leonedwardsmma

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы, тегі Ямайкадан шыққан ұлыбританиялық Леон Эдвардс келесі қарсыласының атын атады. Ол Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке келісімін берді.

17 желтоқсанда Лас-Вегаста болған UFC 296 турнирінде Эдвардс америкалық Колби Ковингтонды (17-4) жеңіп, титулын қорғап қалды. Оның келесі қарсыласы америкалық Белал Мухаммад (23-3) болуы мүмкін. Ал одан кейін ол Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты.

Маған десеңіз бар ғой, кіммен жекпе-жекке шығатыным бәрібір!  UFC не шешсе, сол болады. Шавкат та болуы мүмкін. Егер онымен жекпе-жек болса, октагонда нағыз төбелес болады. Мен айқасқа бәрімен шыға беремін. Қазір Леон Эдвардстың заманы, – деді ол TNT Sports арнасына берген сұхбатында. 

Рахмонов та 17 желтоқсанда америкалық Стивен Томпсонды жеңгеннен кейін UFC чемпионы болғысы келетінін жасырмады. Қазір Шавкатта 18 жеңіс бар. Ол 18 жекпе-жектің бәрінде жеңген. Ал Эдвардс 23 рет жеңіп, 3 рет жеңілген. Ол рейтингте 4-орында тұр. Ал Рахмонов Томпсонды жеңгеннен кейін 3-орынға шықты.
20 желтоқсан 2023 ж. 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930