Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүретін автобустар екі есе көбейеді

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүретін автобустар екі есе көбейеді


Фото: uza.uz

Келесі жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүретін автобустар саны 2 есе көбейеді. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің қатысуымен өткен өңірлердегі өндірісті одан әрі кеңейту және қызмет көрсету саласын дамыту мәселелеріне арналған бейне селекторлы жиында белгілі болды.

Жиында Өзбекстанның Көлік министрлігіне келесі жылы кемінде тағы 1200 автобус сатып алып, маршруттарға шығару тапсырылды. Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанға автобус қатынасының 2 есе көбейетіні хабарланды.

Өзбекстанның әуе қатынасы нарығында да бәсеке пайда болды. Енді 6 жеке компания жұмыс істей бастайды. Жыл басынан бері 25 жаңа ұшақ жеткізіліп, 17 бағыт ашылды.

Соған қарамастан саладағы қызмет көрсету көлемі бар болғаны 7,7 пайызға ғана өсті. Көлік министрлігінің алдына келесі жылы әуе тасымалы көлемін 20 пайызға арттыру міндеті қойылды. Осы мақсатта Ташкент қаласын облыс орталықтарымен байланыстыратын күн сайын кемінде екі рейс, облыс орталықтарын байланыстыратын аптасына кемінде бір рейс жасалады. Кемінде 7 ұшақ әкелініп, тағы үш халықаралық бағыт ашылады.
19 желтоқсан 2023 ж. 111 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930