Қаржы сарапшысы жыл қорытындысын шығарды
фото: Halyq Uni
Биыл бірінші жартыжылдықтың өзінде елге 13,3 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Жыл қорытындысы бойынша шамамен 27 млрд доллар белгісіне шығу жоспарланып отыр. Бұл туралы қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев Finance.kz Telegram-арнасында хабарлады.
Қазақстан күрделі сыртқы фонға қарамастан экономикаға инвестицияларды тиімді тарта алды. Бұл елге өте қатаң ақша-несие саясаты жағдайында жаңа өндірістер құруды және инфрақұрылымды дамытуды жалғастыруға мүмкіндік берді.
Оның жазуынша, Қазақстан өңірдегі барлық салымдардың шамамен 70%-ын жинақтап, Орталық Азия өңірінде шетелдік инвестицияларды тарту бойынша сөзсіз көшбасшы болып қала береді. Халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстанның инвестициялық сенімділік деңгейіндегі тәуелсіз рейтингін растады. Қыркүйек айында S&P де тұрақты болжаммен тәуелсіз рейтингті растаған болатын. Қазан айында Moody's біздің экономикамыздың оң болжамдарын жақсартты.
Бұл ретте Қазақстанда бизнес жүргізу және инвестициялар тарту үшін жақсы жағдайлар жасалып жатыр. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім құралы енгізілді, яғни 500 миллион доллардан астам қаржы инвестициялаған жағдайда салық заңнамасының 10 жылға тұрақтылығына кепілдік береді, – дейді сарапшы.
Оның айтуынша, Қазақстанға шетелдік кәсіпорындарды орналастыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Мұндай көрсеткіштер экономика үшін тікелей нәтиже береді. Инвестицияларды тарту қазақстандықтардың әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Азаматтарға тұрақты табыс беретін жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр. Экономиканың барлық саласында 19,5 мың жұмыс орны құрылып, 967,7 млрд теңгеге 210 жаңа инвестициялық жоба енгізілді. Оның ішінде шетелдіктердің қатысуымен 76 млрд теңгенің 11 жобасы бар. Барлығы жыл қорытындысы бойынша 25,3 мың жұмыс орнын құрып, 1,6 трлн теңгеге 291 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.