Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Хеопс пирамидасында құпия есіктер ашылады

Бүгін Хеопс пирамидасында құпия есіктер ашылады


Фото: tum.de

Бүгін археологтар Хеопс пирамидасынан табылған үш құпия есікті ашады. Бұл туралы Ұлыбританияның The Sun газетіне берген сұхбатында Мысырдың көне жәдігерлер жөніндегі бұрынғы мемлекеттік министрі Захи Хавас айтты. Қазір ол елдің жетекші археологы болып саналады.

Оның айтуынша, құпия есіктердің бірі бейіттің екінші камерасының оңтүстік кіреберісіне жақын жерде орналасқан. Оның екі мыс тұтқасы бар. Осы есіктің артында тағы бір есік бар. Ал үшінші есік солтүстік туннельде орналасқан. Бұл есік симметрия үшін туннельдің артында жасырылған болуы мүмкін.

Егер жұмбақ есіктер ашылса, бұл үлкен жаңалық болады. Өйткені табылған есіктердің айналасы бірнеше рет зерттелгенмен олардың артында не жасырылғаны туралы ешкім ештеңе білмейді, – деді ол.

Бүгін ғалымдар барлық есік ашылса, Хеопс пирамидасының құпиясы толығымен ашылады деп отыр.
05 желтоқсан 2023 ж. 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031