Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Гизадағы пирамиданың түбінен Хеопстың кемесі табылды

Гизадағы пирамиданың түбінен Хеопстың кемесі табылды

Египетте бірегей жәдігер табылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Гизадағы пирамиданың түбінен археологтар перғауын Хеопстың кемесін тапты. Замандастары оны Күн қайығы деп атайтын. Мамандар бұл қайықты 15 жыл бойы іздеген. Перғауын Хеопсты соңғы сапарына аттандырған бірінші Күн қайығын археологтар өткен ғасырдың 1950 жылдары тапқан болатын. Сонда пирамидалар түбінде тағы бір үңгірді көрген. Бірақ опырылып қалады деп, қазуға бата алмаған. Тек екі мыңыншы жылдардың басында арнайы техникамен, жұмысқа кірісіп кетті. 15 жылдан кейін ғалымдар арнайы шұқырдан кемені тіреген 2 мыңға жуық ағаш бөлшегін шығарып алды. Хишам Шакош, археолог: - Алғаш рет ғалымдар бұған 80-жылдардың соңында жақындады. Арнайы радардың көмегімен үңгірді қашықтан зерттеп, онда екінші қайықтың бөлшектерін көрді. Ол біріншіден гөрі кіші және нашар сақталған. Жәдігерді бүлдірмей сыртқа шығару үшін зергерлерге тән шеберлік қажет болды. Бұл жобаға 10 миллион доллардан аса қаржы бөлінді. Жұмыс ұзақ жылдарға жалғасып, тек қазір ғана нәтижеге жеттік. Хеопс кемесі ежелгі Египет дәуірінен қалған қайықтардың ең үлкені әрі жетілгені. Бөлшектерінде сақталған жазулар мен қабіріндегі бедерлі сызбаларға қарап бұл қайықтың өз ерекшеліктері болғанын көрсетеді. Перғауын денесін салқында ұстау үшін желдету жүйесі болған. Хамза Хаким, археолог: - Ежелгі Египет тұрғындары өз дәуірін озған кемеңгер инженерлер болғаны белгілі. Нил өзенімен перғауын денесін жеткізу үшін кез келген кеме қолданылған жоқ. Хеопс қайығын оны жерлеу үшін арнайы салған. Әзірше біз тек сақталып қалған суреттерге сүйеніп отырмыз. Бірақ жаңа табылған жәдігерлер кеме жабдығы, мәйіт қалай бальзамдалғаны және перғауынды соңғы сапарына кім шығарып салғанын білуге көмек береді деп ойлаймын. Пирамидалар түбінде табылған экспонаттардың барлығы мұражай зерттеушілеріне табысталды. Мұқият зерттегеннен кейін ғалымдар мыңдаған жылда шіріп кеткен қайықты қайтадан құрастыруға тырысады. Осыдан кейін ол Египеттің Үлкен музейінде қойылады. Мұндағы орталық залдардың бірін тек Хеопс кемелеріне бөледі.

https://24.kz​​​
26 шілде 2021 ж. 598 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930