Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенаторлар алаяқтардың несие рәсімдеуіне жол бермейтін заңды саралады

Сенаторлар алаяқтардың несие рәсімдеуіне жол бермейтін заңды саралады


фото: Halyq Uni

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық активтерге қатысты заңды талқылады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Заң дербес деректерді қорғауды күшейтуге және цифрлық ақша табу қызметін реттеудегі құқықтық олқылықты жоюға бағытталған. Адамдарды алаяқтардың әрекетінен қорғау мақсатында оларға банктік қарыз бен микронесие алудан ерікті түрде бас тарту құқығы беріледі.

Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жаңа тетіктерді енгізу, майнинг жөніндегі қызметті іске асыруға лицензияны қолданудан айыру, тоқтата тұру, қайта бастау рәсімін енгізу көзделеді.
Депутаттар отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.
29 қараша 2023 ж. 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031