Мемлекеттік қызметкерлерге жаңа қызметтік куәлік әзірленіп жатыр
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеп жатқан цифрлық қызметтік куәлік мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін бақылауды көздейтін цифрлық қызметтік куәлік әзірленіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kzведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаевтың төрағалығымен қызметтік куәліктердің жаңа форматы – мемлекеттік қызметкерлердің ID-карталарын енгізу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өткізілді.
Отырыс ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның, ІТ қоғамдастықтар өкілдерінің қатысуымен өтті.
"Цифрлық қызметтік куәлікті (ID-карталар) әзірлеу және енгізу мемлекеттік қызметшінің электрондық цифрлық қолтаңбасын имплементациялауды және "Е-Қызмет" ЫАЖ бірыңғай басқару орталығымен мемлекеттік органдардың Кіруді бақылау және басқару жүйелерін (КББЖ) біріктіруді көзейді. ID-карталардың "Е-Қызмет" ЫАЖ жүйесімен интеграциялау арқылы мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимаратына кіру мүмкіндігі пайда болады, бұл өз кезегінде рұқсаттама бюроларын ұстауға кететін шығындарды оңтайландыруға жағдай жасайды", - делінген хабарламада.
Отырыста пилоттық режимде жаңа электрондық қызметтік куәліктің басқа да мүмкіндіктері көрсетілді.
Тестілеуден өткен ID-карталар мемлекеттік қызметшінің электрондық цифрлық қолтаңбасын имплементациялау арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде электрондық форматта құжаттарға қол қоюға мүмкіндік туғызады.
Ұсынылған тәсілдер жұмыс тобының тарапынан мақұлданды.
Сондай-ақ, жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын есепке алу және бақылау үшін инновациялық шешімдерді қолдану (компьютерлік бағдарламалар мен қосымшалар) бойынша ұсыныстар берді.
Бұл қызметкерлердің нәтижелілігі, өнімділігі мен тиімділігін мониторингтеуге, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікке қауіп тудыратын жағдайлардың орын алу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік жасайды.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің барлық қызметкерлері үшін пилоттық режимде ID-карталар енгізілгені туралы бұдан бұрын хабарланған болатын.
Қазіргі уақытта елдің барлық мемлекеттік органдарына жетілдірілген электрондық қызметтік куәліктерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.