Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенаторлар ҚР ІІМ басшылығымен кездесті

Сенаторлар ҚР ІІМ басшылығымен кездесті

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел басқару орталығында болды. Депутаттар министрлік басшылығымен кездесуде Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы қоғамдық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі міндеттерді іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.



Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов депутаттарды полиция қызметіне негізгі IT - өнімдер мен зияткерлік цифрлық жүйені енгізудің негізгі бағыттарымен таныстырды. Сондай-ақ саланы одан әрі жаңғырту және қылмысқа қарсы күресті оңтайландыру жөніндегі өз ойларымен бөлісті.
Сенаторлар еліміздің халқын толғандырып отырған бірқатар мәселелерді, атап айтқанда, «Сергек» камералары жұмысының тиімділігі, электронды білезіктерді енгізуді, автомектептер мен техникалық байқау орталықтарының қызметін лицензиялауды талқылады.
«Қазір ішкі істер органдары қызметінің барлық бағытындағы жұмысқа ықпал ететін заңнамалық шараларды қабылдау жөнінде ауқымды жұмыстар жүзеге асуда. Ол күнделікті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыспен күресу мәселелеріне де, басбостандығынан айыру орындарындағы жағдайға да қатысты. Осы шаралардың бәріМемлекет басшысының құқық үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі тапсырмасын іске асыруға бағытталған», деп атап өтті сенатор Андрей Лукин.
Депутаттар кездесуді қорытындылай келіп ішкі істер органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін сындарлы жұмыстарды министрлікпен бірлесе отырып жүзеге асыруға сенім білдірді.
18 ақпан 2023 ж. 506 0

Қоғам

ҚАРА ӨЛЕҢГЕ ҚҰМАР ЕЛЕНА
01 мамыр 2024 ж. 124

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031