Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция төтенше жағдай және терроризмге қарсы операция аясында қару қолдануға мәжбүр болды - Ахметжанов

Полиция төтенше жағдай және терроризмге қарсы операция аясында қару қолдануға мәжбүр болды - Ахметжанов

Полиция төтенше жағдай және терроризмге қарсы операция аясында қару қолдануға мәжбүр болды - Ахметжанов
Қаңтар оқиғалары кезінде полиция төтенше жағдай және терроризмге қарсы операция аясында қару қолдануға мәжбүр болды. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты.

Оның атап өтуінше, қаңтар оқиғалары кезінде қаржы ұйымдары, банктер, сауда орталықтары, дүкендер тоналды. Нәтижесінде, 1 700 азамат пен бизнес субъектілері зардап шекті. Жалпы шығын сомасы 100 млрд теңгеден асты. «Өкінішке орай, 19 қызметкеріміз қаза тапты. 3 мыңнан астам полиция мен әскери қызметшілер жарақат алды. Көптеген қызметкер әлі де ем алуда. Біразы өкінішке орай денсаулықтарына байланысты болашақта біздің қатарымызда қызметтерін жалғастыра алмайды. Сондықтан, қызметкерлер төтенше жағдай және терроризмге қарсы операция аясында қару қолдануға мәжбүр болды»,- деді ол. Осы орайда министр қару қолдану «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 61-бабына сәйкес жүзеге асқанын айтты. «Атап айтқанда азаматтарды қорғау; қызметкерлерге және күзету объектілеріне жасалған шабуылға тойтарыс беру; қару мен арнайы көліктерді басып алуға жол бермеу және қарулы адамдарды ұстау мақсатында қолданылды»,- деді Марат Ахметжанов.

https://www.inform.kz/kz/policiya-totenshe-zhagday-zhane-terrorizmge-karsy-operaciya-ayasynda-karu-koldanuga-mazhbur-boldy-ahmetzhanov_a3910736
14 наурыз 2022 ж. 1 166 0