Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдызы жауһар Жұмабай

Жұлдызы жауһар Жұмабай


Адамға ақын болу емес, азамат болу парыз. Себебі, Ұлы Абай атамыз айтқандай оқып, көңілге тоқып, ізденіп, еңбектеніп, халыққа қызмет еткен адам ғана бейнеттің зейнетін көреді. Осы нәрсені ғұмырлық ұстанымына айналдырып, өнер әлемінде қанатын кең жайып жүрген таланттар аз емес. Олардың қатарында айтыскер ақын, артист, белгілі өнер иесі Жұмабай Шерниязов та бар.

Жалпы, айтыссүйер қауымға Жұмабай Шерниязовтың есімі таныс. Ол – өзінің жалынды жырларымен, өткір тілімен, байыпты болмысымен, салмақты сөз саптауымен көпшіліктің жүрегіне жол таба білген ақын. Ізденімпаздығының, еңбекқорлығының, табиғи дарынының арқасында талай шыңды бағындырып, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды.

Отыз жыл бойы өнер көгінде самғаған ақын 50 жасқа толды. Осыған орай А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Жұлдызы жауһар Жұмабай» атты шығармашылық кеші өтті.

Кеште облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Жанұзақов сөз сөйлеп, басқарма басшысының құттықтауын жеткізді.

Ал Жағыпар Тажмаханов Қызылорда қаласының Құрмет грамотасын табыстады. Сондай-ақ өнер иесіне Жаңақорған ауданының «Құрмет» грамотасы мен мерейтойлық төсбелгі және өнер майталмандарының атынан қасиетті қара домбыра сыйға берілді.
Кеште өнер иесі «Дидар» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің сүйемелдеуімен бірталай әндерді шырқап, көрерменнің көңілін жадыратты. Сонымен қатар жырау, ақын Айдос Рахметов арнау жырын тарту етті. Талай жыл бірге жұмыс істеген әріптес достары, ағайындары айтыскердің өткен өміріндегі жағымды естеліктерін бөлісті.

Кеш соңында «Мұстафа Шоқай мен Әміре Қашаубаевтың Париж төрінде кездесуі» атты спектаклі сахналанды. Шығармашылық кештен рухани азық жинаған көрермен мерейтой иесіне зор алғыс білдіріп, естелік суретке түсті.

Аружан ЕРАЛЫ
23 қараша 2023 ж. 90 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 55

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031