Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде 1 млн доллар жіберді

Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде 1 млн доллар жіберді


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміз Палестина халқына гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«Газа секторындағы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Палестина халқына 1 млн АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Бұл шешімді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде айтты. Қазақстан Үкіметі бөлген қаржы БҰҰ Таяу Шығыс агенттігіне аударылды», – деді Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

СІМ ресми өкілі мәлімдегендей, гуманитарлық қызмет Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыты.

«Бейбіт саясат пен әділдік қағидатын ұстанатын Қазақстан әрқашан төтенше жағдайға тап болған мемлекеттерге қолдау көрсетуге ұмтылады», – деп толықтырды А.Смадияров.
06 қараша 2023 ж. 321 0

Қоғам

ӘДІЛЕТТІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
03 қыркүйек 2025 ж. 39

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930