Конституция
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ елі Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Қазақ елі Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Қазақ елі Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Түркияға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. 

Бұл мәселе Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар.
Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.
Қазақстан биыл ақпан айының басында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою үшін Түркияға қолдау көрсетіп жатыр.
15 ақпан 2023 ж. 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (9416)

30 маусым 2026 ж.

№48 (9415).

27 маусым 2026 ж.

№47 (9414)

23 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031