Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

Тоқаев Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

Тоқаев Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады. Бұл турады Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Министр Президентке Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қиын жағдайларға қарамастан, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыса отырып, жоғары кәсібилік танытып, өз міндеттерін нәтижелі атқарып жатыр.
Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен құтқарушылар мен кинологтар тобы хабарсыз кеткен Қазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Хатай қаласына келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушылардың жұмысына оң баға беріп, оларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар Президент Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.
09 ақпан 2023 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (9329)

19 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031