Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІДЕ АУДАН ӘКІМІ САЙЛАУЫ ӨТІП ЖАТЫР

ШИЕЛІДЕ АУДАН ӘКІМІ САЙЛАУЫ ӨТІП ЖАТЫР



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сәйкес, биыл ел бойынша 42 аудан мен 3 қалада қанатқақты жүйеде аудан және қала әкімдерін сайлау басталды.

Соның ішінде Шиелі ауданында 40 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-ден өз жұмысы бастап, келген сайлаушыларға есігін айқара ашты.

Таңнан басталған 299 сайлау учаскесіне Жиделіарық ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл имамы Жолтаев Әбутәліп Сұлтанұлы өз таңдауын жасап, дауыс берді.



Одан бөлек, Жиделіарық ауылының көкпаршылары арнайы келіп, №299 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.

Ұлттық спортты жанына серік етіп жүрген жігіттер Шиелі ауданында өтіп жатқан саяси науқанға бір кісідей қатысып қайтпақ ниетте атқа қонған. Саптама етік киіп, тобылғы қамшы ұстаған олар Шиелі ауданы әкімінің сайлауында өз таңдауларын жасады.

- «Бүгінгі күн біз үшін жауапты күн болды. Сондықтан ауылдағы көкпаршылар жиналып, бірге барып дауыс бердік. Жалпы сайлауға әркім жауапкершілікпен қарап, ел ертеңі үшін дауыс берсе екен», дейді көкпаршы Жомарт Сәрсенбекұлы.
05 қараша 2023 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031