Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында автогаз тапшы

Түркістан облысында автогаз тапшы


Фото: shutterstock.com

Түркістан облысында автогаз жетіспейді, деп хабарлайды Kazinform.

Өңірдегі автогаз жетіспеушілігінің басты себебі – газ өндіруші зауыттардың облысқа қажетті көлемді уақытылы жеткізе алмауынан болып отыр. Қазіргі таңда автогаз Түркістан, Кентау қалаларындағы ірі газ құю станцияларында ғана сатылып жатыр.

«30 қазан күні Түркістан қаласына 97 тонна газ жеткізілді. Сондай-ақ, қосымша 73 тонна әкелінеді. Ал Кентау қаласында дәл қазір 4 тонна газ бар. Бүгін тағы да қосымша 27 тонна жеткізіледі. Қараша айына жоспарланған газ көлемі зауыттан ертеңнен бастап жолданады. Өңірдегі жанар-жағармай бекеттерін сұйытылған мұнай газымен камтамасыз ету қатаң бақылауда», – деді Түркістан облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариева.
01 қараша 2023 ж. 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031