Медициналық пойыз Тартоғайға тоқтады
Осы жылдың 26 сәуірінен бастап ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен Самрұқ-Қазына және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ауқымды әлеуметтік жоба – «Саламатты Қазақстан» жүзеге асырылуда. Бүгінде медициналық пойыз 100 бекетті аралап, 26 қазан күні Шиелі ауданына келді.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы алдымен Тартоғай бекетіне екі күнге табан тіреді. Медициналық пойызды күтіп алу рәсіміне аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерсұлтан Апетов қатысып, ауыл тұрғындарын мүмкіндіктен құр қалмай, профилактикалық тексерістерден өтуге шақырды. Аталған жоба шалғайдағы станцияларда медициналық пункттердің жоқтығы және азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініштері аясында жүзеге асырылып отыр. Жоспар бойынша әлеуметтік медициналық пойыз аудандағы Бәйгеқұм бекетіне 27-29 қазан күні, Ақмая бекетіне 29-31 қазан күні тоқтайды. Жоба аясында медициналық пойыз еліміздің шалғай аумақтарындағы 100-ге жуық бекетті аралап, 60 мыңнан астам адамға көмек көрсетті. Жүрдек

пойызда терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатр басқа да мамандардың тегін тексеруінен өту мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетке сымсыз қол жеткізуге арналған байланыс құралдарымен жабдықталған. Биылдан бастап медиаторлық, заңгерлік қызметтер қосылып отыр.
Сәуір айынан басталған медициналық пойыз өз жұмысын 6 желтоқсанға дейін жалғастыратын болады. Сонымен қатар биыл «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 120-дан астам бекетке барады деп күтілуде.
Г.ӘБДІХАНИ