Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік бастауы

Тәуелсіздік бастауы


Тәуелсіздік – қайелдіңболмасынбастыигілігі. Баға жетпес құндылығы да сол. Ендеше біздің де тәуелсіздігіміз баянды болу үшін оның бастауы – Республика күні де ерекше маңызға ие болуы шарт.

Мемлекеттік егемендік туралы Декларация негізінде Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері бекітілді. Онда алғаш рет ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді.

Республика күнін алғаш қалай атап өткеніміз де есімде. 90-жылдар – нарықтық экономикаға бейімделіп жатқан қиын кез. Алдымызда ел экономикасының дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру, қаржы саласының заманауи деңгейіне көтерілуі секілді жауапты міндеттер тұрды. Әсіресе, одақтың тарап, экономикалық байланыстардың үзіліп, өндірістер тоқтап тұрған кезеңде бюджет кірістерінің түсу жоспары орындалмай жатты. Соның салдарынан 5-6 айлап жалақы, жәрдемақылар берілмейтін еді. Қаржыгер ретінде осындай ауыр кезеңнің өтінде жүрдік.

Ол кезде мемлекеттік мерекелер қатарында болмаса да, жыл сайын атап өтілді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еліміз өтпелі кезеңнен өтті. Өндірістер тарап, шикізатты елге айналдық. Атом энергетикасы жолға қойылған төрт елдің бірі болған мемлекетіміз одан да бас тартуға мәжбүр болды. Жалақы мен жәрдемақы төлеу қиындық тудырып жатқан кезде, үлкен әскери доктринаны атқару қиын болды.

Мерекені алғаш кең көлемде 1997 жылы атап өттік. Ол кезде мен облыстық қаржы басқармасының басшысы қызметінде едім. Мереке қарсаңында басқармамыз жаңа ғимаратқа көшкен болатын. Аудандардан барлық сала ардагерлерін жинап, салтанатты іс-шара өткіздік. Сонда жаңа мереке жанымызға жылу, бойымызға күш-қуат берді. Рухымыз көтеріліп, облыстың еңсе тіктеуіне үлес қосамыз деген сенім оянды.

Уақыт келе, сол тарихи окиғаның мәнісін енді шындап ұға бастағандаймыз. Одан бері отыз жыл өтті. Отыз жылда орнықты елге айналдық. Қазақстанды әлем таныды. Кеңес одағы тараған кезде халқымыз 15 миллион еді. Алла қаласа, 20 миллионға жыл аяғына дейін жетеміз деп жатырмыз. Отыз жылда ұлтымыздың деңгейі де көтерілді. Кезінде өз еліндегі үлесі 29 пайызға дейін азайып кеткен, Тәуелсіздік алған тұста 40 пайыз болған қазақ ұлтының үлесі бүгінде 70 пайыздан асты. Іргелі ел болғанымызды көріп отырмыз.

Бүгінде Қазақстан әлемде жеке-дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, Мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық.

Бұл ретте 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қазіргі ұрпақтың азаттық жолында алысқан ата-бабаларымызды ұлықтайтын, олардың осы жолдағы ерен ерлігі алдында тағзым ететін, тарихи сабақтастықты сақтауға арналған күн болып қала бермек. Ал Республика күні – Тәуелсіздікті қалпына келтіріп, төл республикасын құрудағы қазіргі қазақстандықтардың зор еңбегін дәріптейтін, әрқайсысымыздың осы жолдағы сүбелі үлесімізді салмақтап, мақтан тұтатын күн. 1990 жылғы Егемендік декларациясы Қазақ республикасы азаттығының бастауы саналады. Сол жылғы 25 қазанда Қазақстан алғаш рет әлемге төл азаматтығы, заңдары, өз даму бағыты бар республика ретінде жарияланды.

Бұл ретте Республика күнінің ұлттық мереке ретінде қалпына келтірілуі – тарихи әділеттіліктің қалпына келтірілуі және де «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы маңызды шешім, маңызды қадам деп білемін.

Рухани құндылығымызды, қазақы қайсар рухымызды, бай тарихымызды, бабадан қалған даланың мұрагері ретінде алты Алашты әлемге таныту арқылы осы тарихи датаның біз үшін қасиеттілігін аша білуіміз, көрсете алуымыз қажет. Сол себепті мемлекетіміз үшін бұл күннің қажеттілігі зор.

Қалқазбек ӘЖІБЕКОВ,
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,
Қызылорда облысының құрметті азаматықаржы саласының үздігі
26 қазан 2023 ж. 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930