Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Антикор ұсталған экс-министрдің Марат Бекетаев екенін растады

Антикор ұсталған экс-министрдің Марат Бекетаев екенін растады


фото: kursiv.kz

21 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әділет экс-министрі ұсталғанын хабарлап, бірақ аты-жөнін жарияламаған еді. 

Экс-министрге тағылған айып: үлестес компанияның мүддесін қолдаған, оның бұл әрекеті мемлекетке ірі көлемде залал келтірген.
23 қазанда Антикор ұсталған экс-министрдің Марат Бекетаев екенін растады. Қазір экс-министр соттың санкциясымен қамауға алынды.

Марат Бекетаев 1977 жылы 29 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2000 жылы Лондон экономика және сасяи ғылымдар мектебін тамамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы «СІМ дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс департаменті» РМК ұйымдық - хаттамалық бөлімінің ақпаратты өңдеу секторының меңгерушісі болып бастады.

2002 жылдан 2003 жылға дейін – Алматы қалалық «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету бойынша басқармасы» ЖАҚ ұйымдық - талдау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2003 жылғы тамыз айы мен желтоқсан айы аралығында – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бөлім, басқарма бастығы қызметтерін атқарды.

2004 жылғы қаңтардан қыркүйек айына дейін – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Ақпарат және тестілеу орталығы» ММ директорының орынбасары лауазымында болды.

2004 жылғы қыркүйек айынан 2006 жылға дейін – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы» РМҚК директорының орынбасары, директоры болып қызмет атқарды.

2006 жылдан 2007 жылға дейін – ҚР премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2007 жылы – ҚР премьер-министрі кеңесшісі қызметін атқарды.

2007 жылдан 2010 жылға дейін – Әділет вице-министрі лауазымында болды.

2010 жылдан бастап – Әділет министрлігінің жауапты хатшысы.

Марат Бекетаев 2016 – 2022 жылдары Әділет министрі болған.

Қаңтар оқиғасынан кейін Марат Бекетаев Әділет министрі лауазымынан босатылып, 2022 жылдың соңына дейін ҚР премьер-министрінің кеңесшісі лауазымын атқарды.
23 қазан 2023 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031