Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Экс-министр Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды

Экс-министр Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды


Фото: inbusiness.kz

Бұрынғы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі қызметін атқарады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Марат Ахметжанов 1964 жылы Жезқазған облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1991 жылы Теміртау қаласы прокуратурасында тағылымгер, кейін тергеуші болып бастаған.
  • 1993-1996 жылдары – Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы.
  • 1996-1997 жылдары – Мемлекеттік тергеу комитетінің аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
  • 1997-1998 жылдары – ІІМ Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
  • 1998-2001 жылдары – Тергеу департаменті директорының орынбасары және Әділет министрлігінің сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2001-2003 жылдары – Бас прокуратураның тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.
  • 2003-2006 жылдары – Павлодар облысының прокуроры.
  • 2006-2009 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
  • 2009-2012 жылдары – Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
  • 2012-2014 жылдары – Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
  • 2014-2016 жылдары – Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.
  • 2016-2021 жылдары – Бас прокурордың орынбасары.
  • 2021-2022 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы.
  • 2022 жылғы 25 ақпанда Ішкі істер министрі болып тағайындалды.
  • 2023 жылғы 3 сәуірден 2 қыркүйегі аралығы – Ішкі істер министрі болып қайта тағайындалды.
05 қыркүйек 2023 ж. 64 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (9156)

02 желтоқсан 2023 ж.

№94 (9155)

28 қараша 2023 ж.

№93 (9154)

25 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам