Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күз – береке мен ырыстың айы

Күз – береке мен ырыстың айы


Ерте көктемнен бастау алған ауқымды жұмыстың жемісін көретін сәт. Осындай өлшеусіз еңбекпен қырманды қызыл астыққа толтырған егінжай ерлерінің сый-құрметке бөленіп, алғысқа кенелетін шағы. Осы ретте, Республика күні аясында «Алтын күз – 2023» мерекесіне орай Шиелі ауданының орталық Сапаржайында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңке жұмысы таң сәріден қызды. Атап айтар болсақ, жәрмеңкеде ақ күріштің келісі – 420 теңгеден, сиыр еті – 2000, картоп – 100-130, пияз – 65-70, алма – 250-350, қызанақ – 250, балық – 1500-1800 теңгеден саудаланды. Жалпы алғанда жәрмеңкеге ауданның түкпір-түкпірінен келген шаруалардың 23-тен астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды. Бүгінгі жәрмеңкеге 116 тоннадан астам өнім әкелініп, тұрғындарға сатылды.


Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен бау-бақша өнімдерінің бағасын тұрақтандыру, халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Дархан Байтілес
22 қазан 2023 ж. 220 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728