Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы сотқа тартылды

Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы сотқа тартылды


Фото: Halyq Uni

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бұрынғы мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы бір қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Арыстанбек Мұхамедиұлы қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 249-бабы 1-бөлігі (рейдерлік әрекетке оқталу), 28-бабы 3-бөлігі – 250-бабы 1-бөлігі (өкілетін теріс пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру) бойынша айыпталып отыр. Қылмыстық іс бойынша тағы бір айыпталушы бар. Жуаспаева қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі (жалған құжат, мөр, бланкіні қолдан жасау арқылы көрінеу жалған құжатты пайдалану), 250-бабы 1-бөлігі (өкілетін теріс пайдалану) бойынша айыпталып отыр.
Істі судья Әбинұр Қарабаев қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушы – Олжас Хайруллаев.

2023 жылдың 28 қыркүйегінде прокурор Хайруллаев айыпталушыларға қатысты айыптау актісін оқыды.

Тергеу мәліметіне сәйкес, 2019 жылы Арыстанбек Мұхамедиұлына елордадағы «Дипломат» қонақүйінің иесі, кәсіпкер К. жүгінген. Экс-министр оған 2,5 млрд теңге беруге келісіп, оның орнына қонақүйдің жарғылық капиталының 71%-ын енесінің атына жазып беруді ұсынған. Осылайша ол қонақүйді толық иемденіп алмақ болған.

Келісімге қол қойылған соң Мұхамедиұлы қонақүйге жиі келетін болған. Ол басшылардың бірі ретінде таныстырылған. Содан кейін экс-министр қонақүйдің қалған 29% бөлігін беруді сұраған. Алайда кәсіпкер К. бұл ұсынысты қабылдамаған. Тергеу мәліметіне сәйкес, содан кейін Мұхамедиұлы қызметкерлеріне «Дипломат» қонақүйіне кәсіпкер К.-ны кіргізбеуді тапсырған. Артынша компания иелерінің жалпы жиналысында жалған хаттама толтырылып, ЖШС директоры ретінде Мұхамедиұлының адамы таныстырылған.
Сот барысында экс-министр Мұхамедиұлы тағылған айыпты мойындамады.

Құрметті сот, тағылған айыппен мүлде келіспеймін. Бұл – 2020 жылдан бастап Серік Қарымсақовтың қаржылық қиындыққа ұшырап, қаржылық мүмкіндіктері бар адамдарды жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан қылмыстық схемаға тартып, өз мәселелерін шешкен соң құқық қорғау органдарына заңсыз әдіспен жүгініп, адамдарды түрмеге қамап, бүкіл бизнесті өзіне қайтарып алған үшінші жағдай, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас
бостандығынан айырылды. Арыстанбек Мұхамедиұлы 28-баптың 3-бөлігі (қылмысты ұйымдастыру) және 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағында (аса ірі мөлшердегі сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ұрлау) көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 

Содан кейін экс-министрге шыққан үкім апелляциялық сот алқасында қаралып, өзгеріссіз қалды. 
28 қыркүйек 2023 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930