Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды



Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордадағы Байқоңыр ауданы №2 сотында Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім шықты. Ол 8 жылға сотталды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразхан мен тағы екі айыпталушы Азамат Көшенов пен Айым Сәдуақасова «Алтын адам шеруі» көрмесін өткізуге бөлінген 221 миллион 411 мың 730 теңге қаржы жымқырды деген айыппен сотталды. 

Еске сала кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша негізгі сот отырысы 17 сәуірде Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 сотында басталған болатын. 5 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «Антикор» қызметкерлеріне жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайтынын мәлімдеді.

12 маусымда өткен сот отырысында айыптаушы тарап Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
21 маусым 2023 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930