Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы


Қазгидромет синоптиктері 25 қыркүйек, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының көп бөлігінде жауын-шашын жаумайды.

Тек еліміздің шығысында атмосфера фронттарының әсерінен жаңбыр, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстікте, шығыста екпінді жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде 1-3 градус үсік жүреді, Ақмола облысының шығысында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік болады.

Қызылорда қаласының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында өрт қаупі жоғары. 
25 қыркүйек 2023 ж. 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031