Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызметінен босатылған Шымкент әкімі жазба жариялады

Қызметінен босатылған Шымкент әкімі жазба жариялады


Фото: ашық дереккөз

5 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қызметінен босатылған болатын. Осыдан кейін экс–әкім әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Мұрат Әйтенов ұлт дәстүрінің ұйытқысы болған шежірелі Шымкенттің қазақ руханиятында орны бөлек екенін атап өтті.

«Бүгінде республикамыздағы үшінші қаланың дамуы, өркендеуі, бағыт-бағдары Мемлекет басшысының тікелей назарында. Бүгін төрт жылға жуық атқарған қала әкімі қызметін аяқтадым. Экономикалық әлеуеті зор, милионнан астам халқы бар, келешегі кемелді қаланы басқаруда маған үлкен сенім білдіріп, қолдау көрсеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғысым шексіз! Осы уақыт аралығында Президент тапсырмасымен қаланы дамытуда маңызы орасан ірі жобаларды жүзеге асыруда, қала халқына қолайлы жағдай жасауда күш біріктірген барлық үзеңгілес әріптестеріме де алғыс айтамын» деп жазды Мұрат Әйтенов Instagram-дағы парақшасында.

Ол Шымкент әрбір қазақстандықтың жүрегіне мейірім шуағын себетін тарихи қала екенін баса атап өтті.
06 қыркүйек 2023 ж. 198 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930